Accessibility links

Биржада доллар бағамы арзандай түсті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында таңертеңгілік сауда сессиясында АҚШ долларының бағамы 335 теңге 09 тиынға төмендеп, кешегі күндізгі сессиямен салыстырғанда 3 теңгеге арзандады. Таңғы сессияда жалпы көлемі 20,1 миллион доллар сатылған.

Доллар бағамы әлемдік нарықта мұнай бағасының қымбаттаған соң арзандады. Кеше ОПЕК елдері мұнай өндіру көлемін азайту туралы алдын ала уағдаластық жасасқан. Бұл келісім нарыққа әсер етіп, мұнай баррелінің бағасы бес пайыздан астамға қымбаттаған. Бүгін Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 48,55 доллар болып тұр.

XS
SM
MD
LG