Accessibility links

ҮЕҰ: Алматыдағы жастардың 43 пайызы тұрақты тіркелмеген


Алматылық жастар (Көрнекі сурет).
Алматылық жастар (Көрнекі сурет).

Алматыдағы 29 жасқа дейінгі жастардың 5 пайызында тұрақты жұмысы жоқ. Ал 22 пайызы жалдамалы жұмыста, 13 пайызы мемлекеттік қызметте істейді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін "Жастар үні" қоғамдық қоры мәлімдеді. Бұл қор Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың тапсырысымен алты ай көлемінде әлеуметтік зерттеу жүргізген. Зерттеуге 15-29 жас аралығындағы 1 мың 500-ге жуық адам қатысқан.

Зерттеу қорытындысы бойынша, Алматыдағы жастардың шамамен 43 пайызы тұрақты тіркелмеген.

Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма дерегі бойынша, қаладағы әрбір үшінші тұрғын - 29 жасқа дейінгі жастар. Басқарма басшысы Ернұр Бейсебаевтың айтуына қарағанда, әкімдік 2017 жылы жастар мәселесіне бөлетін қаражаттың 50 пайызын жастарды жұмыспен қамтуға жұмсауды жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG