Грузияға қыркүйектің 30-ында екі күндік сапармен барған Рим папасы Франциск ел президенті Георгий Маргвелашвилимен және бүкіл Грузия католикос-патриархы екінші Ильямен кездесті.
Сол күні кешке Франциск Грузиядағы ассириялық-халдей храмында болды. Осылайша бұдан 20 жыл бұрын жұмысын бастаған храмға алғаш рет Рим папасы барды.
Папа Франциск бүгін Тбилисидегі Михаил Месхи атындағы стадионда көпшіліктің қатысуымен құлшылық рәсімін өткізіп, Тбилисидегі католик храмында жұртшылықпен кездеседі.
Жексенбі күні Рим папасы Әзербайжанға сапармен барады.