Accessibility links

Болгария парламенті никабқа тыйым салатын заң жобасын мақұлдады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Болгария парламенті қоғамдық орындарда «бетті жартылай немесе толық жауып тұратын кез-келген киімге» тыйым салуды көздейтін заң жобасын мақұлдады. Жобада «бет-жүзді жауып тұратын тығыз немесе жартылай мөлдір матаның» барлық түріне, соның ішінде бетке тағатын байлауыш, орамал және өзге де киімдерге тыйым салынатыны айтылған.

Тыйымды алғаш бұзғандарға 200 лев (шамамен 100 доллар) айыппұл салынады, Заңды қайта бұзғандарға айыппұл мөлшері 1500 левке (750 долларға жуық) дейін ұлғайтылады.

Ал өз кәсіби қызметіне немесе денсаулығына байланысты бет-жүзін жауып жүрген адамдарға аталған заң ережесі жүрмейді. Сонымен бірге діни мекемелер мен үйлерінде әлгіндей киімге тыйым салынбайды.

Болгария тұрғындарының шамамен 13 пайызын құрайтын түрік қауымдастығының мүддесін қорғайтын «Құқықтар мен бостандықтар үшін қозғалыс» партиясы бұл заң жобасын қоғамда діни алауыздық туғызатын құжат ретінде сынға алды.

Болгария 2006 жылдан бері Еуропа Одағының мүшесі.

XS
SM
MD
LG