Accessibility links

«Казахстанская правда» газеті мен «Қазақстан» телерадиокомпаниясына жаңа басшы келді


Алматыдағы газет-журнал сататын дүңгіршектердің бірі. (Көрнекі сурет.)
Алматыдағы газет-журнал сататын дүңгіршектердің бірі. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев елдегі негізгі ресми басылым «Казахстанская правда» газеті мен «Қазақстан» телерадиокомпаниясына жаңа басшылар тағайындады.

Вячеслав Пащенко «Казахстанская правда» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы, Кемелбек Ойшыбаев – «Қазақстан» телерадиокомпаниясы басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалды. Екеуі де бұған дейін жергілікті жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында әртүрлі басшы қызметтер атқарған.

«Казахстанская правда» газетінің бұрынғы жетекшісі Александр Тараков пен «Қазақстан» телерадиокомпаниясының бұрынғы басшысы Нұржан Мұхамеджанова басқарма төрағасының орынбасары қызметтеріне ауыстырылған.

XS
SM
MD
LG