Accessibility links

Қырғыз президентінің Мәскеу ауруханасынан шыққаны хабарланды


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) 60 жасқа толған Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа Александр Невский орденін тапсырып тұр. Бішкек, 17 қыркүйек 2016 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) 60 жасқа толған Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа Александр Невский орденін тапсырып тұр. Бішкек, 17 қыркүйек 2016 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Мәскеудегі орталық клиникалық ауруханадан шығып, елге кетуге дайындалып жатыр деп мәлімдеді Ресейдегі Қырғызстан елшілігінің баспасөз-атташесі Гүлбаршын Байымбетова.

«Президент ем қабылдауды аяқтады. Оның жағдайы жақсы, тексеру нәтижелері де жақсы. Ол ауруханадан шықты», - деген Байымбетова. Оның сөзінше, Атамбаевтың Қырғызстанға нақты қай уақытта ұшып шығатыны белгісіз.

Қыркүйектің 20-сы күні Атамбаевтың баспасөз қызметі Қырғызстан президентінің «медициналық тексеруден өту үшін қысқа мерзімді демалыс алғанын» хабарлаған. Оның алдында Нью-Йоркке БҰҰ Бас Ассамблеясына бара жатқан жолда жүрегі сыр берген 60 жастағы Атамбаев Стамбулда ауруханаға түскен. Кейін ем қабылдау үшін Ресей президенті іс басқармасының Мәскеудегі орталық клиникалық ауруханасына барғаны туралы ақпарат тараған.

XS
SM
MD
LG