Accessibility links

Рим папасы Тбилисиде құлшылық рәсімін атқарды


Рим папасы Франциск Михаил Месси атындағы стадионда. Тбилиси, 1 қазан 2016 жыл.
Рим папасы Франциск Михаил Месси атындағы стадионда. Тбилиси, 1 қазан 2016 жыл.

Рим папасы Франциск бүгін Тбилисиде құдайға құлшылық ету рәсімін атқарды. Михаил Месси атындағы стадионда бірнеше мың католик жиналған діни рәсімге Грузия президенті Георгий Маргвелашвили және түрлі конфессия өкілдері қатысты.

«Құдайдың мейіріміне бөленіп, оны адамдарға жеткізу – шіркеудің басты міндеті» деген понтификтің сөзін келтірген «Интерфакс».

Грузияға жұма күні екі күндік сапармен келген Рим папасы ел басшылығымен және бүкіл Грузия католикос-патриархы екінші Ильямен кездесті. Бұған дейін католиктердің жаппай құлшылық ету рәсімін Тбилисиде 1999 жылы қарашада сол кездегі Рим папасы екінші Иоанн Павел өткізген еді.

XS
SM
MD
LG