Accessibility links

Польшада абортқа тыйым салуға қарсылық шеруі өтті


Абортқа тыйым салатын заң жобасына қарсы шерудегі жазулардың бірі. Варшава, Польша, 1 қазан 2016 жыл.
Абортқа тыйым салатын заң жобасына қарсы шерудегі жазулардың бірі. Варшава, Польша, 1 қазан 2016 жыл.

Польша астанасында сенбі күні ел парламентіне келген мыңдаған адам абортқа тыйым салатын заң жобасына қарсылықтарын білдірді.

«Депутаттарға үніміз жетеді деп үміттенемін, біз әйелдердің бостандығына, ар-намысы мен қауіпсіздігіне қарсы шыққандарға ешқашан дауысымызды бермейміз» деп мәлімдеген наразылық акциясын ұйымдастырушы Барбара Новацка.

Польша парламенті қазір жүкті әйелге аборт жасауға толық тыйым салатын заң жобасын қарап жатыр. Құжатта тыйымды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген.

Қолданыстағы ереже бойынша, егер ананың өміріне қауіп төнсе я құрсақтағы нәрестеге зақым келсе, немесе әйел зорлықтың кесірінен жүкті болып қалса аборт жасатуға рұқсат етілген.

Ресми мәліметтер бойынша, Польшада жыл сайын бірнеше жүз аборт жасалады. Бірақ, кейбір есептер бойынша, жасырын түрде және шетелге барып аборт жасататын поляк әйелдерінің саны жылына 100 мыңнан 200 мыңға дейін жетеді.

Абортқа тыйым салуға қарсы алдағы дүйсенбіге Польшада жалпыұлттық ереуіл жоспарланған. Бұл күні елдегі әйелдердің бір бөлігі жұмыстан демалыс алып, сонымен бірге үйдегі барлық шаруаны атқарудан да бас тартпақ ниетте.

XS
SM
MD
LG