Accessibility links

Рим папасы Франциск Бакуге сапармен барды


Рим папасы Франциск пен Әзербайжан президенті Илхам Әлиев. Баку, 2 қазан 2016 жыл.
Рим папасы Франциск пен Әзербайжан президенті Илхам Әлиев. Баку, 2 қазан 2016 жыл.

Рим папасы Франциск бүгін Грузиядан Әзербайжан астанасына сапармен барды. Ол осы елде 2002 жылы салынған католик шіркеуінде құдайға құлшылық рәсімін атқарады. Бұл шіркеу сол кездегі Рим папасы екінші Иоанн Павел Әзербайжанға келіп кеткен соң тұрғызылған.

Тұрғындарының басым бөлігін мұсылман шииттер құрайтын Әзербайжанда католик дінін ұстанатын 500-ге жуық адам бар.

Ватикан басшысы осы сапарында Әзербайжандағы барлық діни конфессиялар өкілдерімен, ел президенті Илхам Әлиевпен кездесті. Папа бүгін кешкісін Римге аттанады.

Жұма күні Грузияға екі күндік сапармен барған папа Франциск кеше Тбилисидегі стадионда мыңдаған адамның қатысуымен құдайға құлшылық рәсімін атқарған.

Грузияда «Православ ата-аналар одағының» ондаған белсендісі мен грузин православ шіркеуінің бірнеше өкілі Рим папасының сапарына наразылық білдіріп, «Ватикан – діни басқыншы» деген жазу ұстап шыққан.

Рим папасы Францисктің Бакуге келгені туралы видео:

Рим папасы Франциск Бакуге барды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:00 0:00

XS
SM
MD
LG