Accessibility links

Тұрсынбаева Канададағы жарыста қола алды


Элизабет Тұрсынбаева Монреальдағы жарыста өнер көрсетіп жатыр. 1 қазан 2016 жыл.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Монреальда (Канада) өткен Autumn Classic International жарысында қола медаль алды.

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 172,46 ұпай жинады. Алтынды америкалық Мираи Нагаси (189,11), күмісті канадалық Ален Шартран (186,11) иеленді.

Элизабет Тұрсынбаева былтыр Лиллехамерде (Норвегия) өткен жасөспірімдер олимпиадасында қола медаль алған. Ол енді 1-5 қарашада Мәскеуде өтетін әлемдік Гран-при кезеңіне қатысады

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы тілшісі. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG