Accessibility links

Донбаста сепаратистер бақылауындағы аудандарда «праймериз» өтіп жатыр


Үгіт материалдарын тарататын жерде тұрған адамдар. Донецк, 29 қыркүйек 2016 жыл.
Үгіт материалдарын тарататын жерде тұрған адамдар. Донецк, 29 қыркүйек 2016 жыл.

Украинаның шығысындағы Донецк және Луганск облыстарында сепаратистер бүгін өздері «праймериз» деп атаған алдын ала қоғамдық дауыс беруді өткізіп жатыр. Ресейшіл сепаратистер өз бақылауындағы аймақтардың тұрғындарына жергілікті әкімшілік басшы қызметіне кандидат таңдауын ұсынған.

Дауыс беру жергілікті өзін-өзі басқару органдары сайлауы алдында ұйымдастырылып отыр. Сепаратистер бұл шараны бақылау үшін Франция, Германия, Финляндия, Италия және тағы бірқатар елдерден өкілдер келгенін айтады. Бұған дейін ресми Киев сепаратистердің бұл «праймеризі» Минск келісіміне сәйкес емес және жанжалды реттеу жөніндегі келіссөздерді қиындатады деп мәлімдеген.

Донбаста сепаратистер бақылауындағы аудандарда жергілікті сайлаулар өткізу – Минск келісіміне сәйкес жанжалды реттеудің басты кезеңдерінің бірі.

XS
SM
MD
LG