Accessibility links

Кашмирдегі шабуылдан Үндістан сарбазы оққа ұшты


Барамулладағы гарнизонның кіреберісінде тұрған үндістан сарбазы. Кашмир, 3 қазан 2016 жыл.
Барамулладағы гарнизонның кіреберісінде тұрған үндістан сарбазы. Кашмир, 3 қазан 2016 жыл.

Үндістан Кашмирдегі өз әскери бөлімдерінің біріне содырлар автомат және гранатометпен шабуыл жасап, бір шекарашыны өлтіргенін хабарлады. Шабуылдан бір адам жараланған. Полицияның хабарлауынша, Барамулла гарнизон қалашығындағы бөлімдердің біріне шабуыл жасағандар мен үндістан әскері арасында атыс болып, ол 3 қазан күні таң ертең аяқталған.

Гарнизон көтерілісшіл жасақтарға қарсы күресетін күштердің жергілікті штаб-пәтері саналады.

Бұдан үш күн бұрын Үндістан армиясы аймақта соққы жасап, Пәкістан қолдайтын содырлар пайдаланған "террористер орталығын" қиратқанын хабарлаған. Бірақ Исламабад содырларды қолдайтынын жоққа шығарған.

18 қыркүйекте Кашмирдің Үндістан бақылайтын бөлігіндегі әскери базаға содырлар шабуылдап, 18 сарбазды өлтірген соң екі ел қарым-қатынасы шиеленісе түскен.

Үндістан мен Пәкістан Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған 1947 жылдан бері Кашмир даулы аймағы үшін екі рет соғысты.

XS
SM
MD
LG