Қазақстанда бүгіннен бастап 2006 жылғы үлгідегі екі, бес және 10 мың теңгелік банкноттар айналымнан шығады деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Алдағы 12 ай - 2016 жылдың 4 қазанынан 2017 жылдың 3 қазанына дейін аталған банкноттарды кез-келген екінші деңгейлі банктерден, ал бұл мерзім аяқталған соң 2020 жылдың 3 қазанына дейін Ұлттық банктің Қазақстандағы кез-келген филиалында айырбастауға болады.
Ал 2020 жылдың 4 қазанынан бастап 2006 жылғы үлгіде шыққан екі мың, бес мың және 10 мың теңгелік банкноттар жарамсыз болып қалады.