Accessibility links

Паралимпиадада Ресей туын жайған беларусь шенеунігіне пәтер сыйламақ


Андрей Фомочкин, Беларусь мәдениет және спорт министрлігінің шенеунігі.
Андрей Фомочкин, Беларусь мәдениет және спорт министрлігінің шенеунігі.

Беларусь спорт және туризм министрлігінің шенеунігі, Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Ресей туын жайып салған Андрей Фомочкинге пәтер беріледі. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Facebook-те хабарлады. Оның жазуына қарағанда, аты-жөнін атамаған ресейлік шенеунік Фомочкинге бұл ісі үшін пәтер сыйламақ болған.

Пәтердің қайда екені әзірге белгісіз болғанымен, Захарова Фомочкин сыйды алу үшін Мәскеуге келгенін жазды.

Халықаралық паралимпиада комитеті 7 қыркүйекте Фомочкинді Риодағы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатында Ресей туын жайғаны үшін аккредитациясынан айырған.

Ресей паралимпиада құрамасы 2016 жылғы паралимпиада ойындарынан допинг жанжалына байланысты шеттетілген.

XS
SM
MD
LG