Accessibility links

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12,5 пайызға дейін азайтты


Алматыдағы ұлттық банк ғимараты (Көрнекі сурет).
Алматыдағы ұлттық банк ғимараты (Көрнекі сурет).

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 13-тен 12,5 пайызға азайтып, ауытқу шегін бір пайыз деп белгіледі. Ұлттық банк таратқан мәлімдемеге қарағанда, базалық мөлшерлеменің төмендеуіне "ішкі қаржы нарығындағы жағдайдың тұрақты болуына және сыртқы нарықтағы негізгі сегменттердің оң бағытта дамуы" ықпал еткен.

Ұлттық банктің болжауынша, осы және келесі айда жылдық инфляция деңгейі төмендеуі мүмкін. Ресми мәлімет бойынша, жыл басынан бері инфляция 5,6 пайызды құраған.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты келесі шешімді 14 қарашада жариялауды жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG