Бүгін Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға келді. Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Путин Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Еуразия экономикалық одағы мен басқа да аймақтық бірлестіктер аясындағы екі ел қарым-қатынасы мен интеграциялық байланыстары мәселелерін талқыламақ.
Келіссөзден соң Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин он үшінші Қазақстан-Ресей өңіраралық бизнес-форумына қатысады.
3 қазанда басталған форум "Еуразия кеңістігінің транспорттық-логистикалық әлеуетін арттыру" тақырыбында өтіп жатыр.