"Әл-Қаида" ұйымының жетекшісі Айман әл-Зауахириге жақын және ұйымның Сириядағы бұрын "Нусра майданы" деп аталған тобына көмектескен командир қазанның 3-і күні Сирияда пилотсыз басқарылатын ұшақ шабуылынан оққа ұшты.
Пентагон 3 қазанда «Сириядағы "Әл-Қаиданың" белгілі жетекшісі», экстремистік "Жабхат Фатех әл-Шам" тобына (бұрынғы "Нусра майданы") басшылық еткен командирдің көзін жойғанын растаған. Бірақ командирдің есімі айтылмаған.
Топ Twitter-де "фундаменталистік исламшыл топтармен сөз байласты" деген айыппен көп жыл Египет түрмесінде отырған, кейін Ауғанстанға кетіп қалған Шейх Әбу әл Фараж әл-Масридің Сирияның солтүстік батыс аумағындағы көтерілісшілер бақылауындағы Идлиб қаласында көлікпен кетіп бара жатқанда шабуылдан мерт болғанын жазды.
Өткен айда топ командирі Әбу Хажир әл-Хомси, Алеппо провинциясында әуе шабуылы кезінде мерт болған.
60 жастағы Масри (шын есімі Шейх Ахмад Саламах Мабрук) Египет түрмесінен шыққан соң Ауғанстандағы Зауахириге серіктес басшылардың біріне айналған еді.