Accessibility links

"Нұр Отан" Орал тұрғынынан көлігін жөндетуге қаржы талап етеді


Орал тұрғыны Мирлан Жұмағалиев Батыс Қазақстан облыстық соты алдында. 8 қыркүйек 2016 жыл.
Орал тұрғыны Мирлан Жұмағалиев Батыс Қазақстан облыстық соты алдында. 8 қыркүйек 2016 жыл.

"Нұр Отан" партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Сүлеймен сотқа Орал тұрғыны Мирлан Жұмағалиевтен 600 мың теңге (шамамен 1800 доллар) өндіріп беруді талап етіп, сотқа азаматтық шағым түсірді. Партия басшысы шығынды жол-көлік оқиғасынан зақымданған қызметтік көлігін жөндеуге сұрайды.

Серік Сүлеймен мен Мирлан Жұмағалиевтің көліктері Оралда биыл 5 шілдеде соқтығысқан.

Сот апатқа Мирлан Жұмағалиевті кінәлі деп тауып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш (21210 теңге) айыппұл салған. Жұмағалиевтің сөзінше, ол жеңіл көлігі партия көлігімен соқтығысқанда көше қиылысында бағдаршамның жасыл жарығынан өтіп бара жатқан. Партия көлігін партия филиалы төрағасының орынбасары Гүлназ Құлжанованың ұлы Данияр Құлжанов жүргізіп келе жатқан. Сотта облыстық жастар саясаты басқармасының жетекшісі міндетін атқарушы Данияр Құлжанов жол апаты кезінде жолда жүру ережесін бұзбағанын айтқан.

8 қыркүйекте облыстың апелляциялық соты Орал әкімшілік сотының қаулысын өзгеріссіз қалдырған.

Партия басшысының Жұмағалиевке қарсы азаматтық шағымы бойынша алғашқы сот отырысы 6 қазанға белгіленді.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG