Accessibility links

Кабул: Содырлар Кундуздан шегінді


Кундуздың орталық ауданында жүрген ауған полиция қызметкерлері. Ауғанстан, 3 қазан 2016 жыл.
Кундуздың орталық ауданында жүрген ауған полиция қызметкерлері. Ауғанстан, 3 қазан 2016 жыл.

Ауғанстан билігі солтүстіктегі Кундуз қаласының орталық аудандарынан "Талибан" содырларынан ығыстырып, қаланы бақылауына алғанын мәлімдеді.

3 қазанға қараған түні "Талибан" жасақтары Кундузға шабуылдап, үкімет күштерімен кескілескен ұрыс жүргізген. Содырлардың қаланың орталық алаңына "Талибан" туын тіккені де хабарланған. Ауғанстан қорғаныс миинстрлігінің Twitter-де хабарлауынша, талибтер қаланың ұрыс болған бөліктерінен шегінген. Ұрыс болған орындарда оққа ұшқандардың мәйіттері қалған.

Ал мұның алдында содырлар Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд уәлаятының әкімшілік орталығының оңтүстік ауданын басып алған. Кейбір ақпаратқа қарағанда, содырлар жергілікті полиция басшысын өлтірген. Полиция Нава ауданында содырлар мен қауіпсіздік күштері арасындағы ұрыс жалғасып жатқанын айтады.

Бір жыл бұрын "Талибан" содырлары Кундузға шабуыл жасап, басып алып, бірнеше күн бақылауда ұстаған. Ол кезде ұрыстардан БҰҰ мәліметінше, 289 адам құрбан болып, жүздеген адам жараланған.

Шабуылдар Брюссельде халықаралық донор елдердің конференциясы өтердің қарсаңында жасалып отыр. Конференцияда Ауғанстанның халықаралық серіктестері бұл елге көмек көрсету жайын талқыламақ.

XS
SM
MD
LG