Accessibility links

Еуропа парламенті климат жөніндегі Париж келісімін мақұлдады


Страсбургтегі Еуропа парламенті ғимраты (Көрнекі сурет).
Страсбургтегі Еуропа парламенті ғимраты (Көрнекі сурет).

Еуропа парламенті Парижде қол қойылған климаттың өзгеруімен күрес жөніндегі халықаралық келісімді мақұлдады. Келісімге Еуропа Одағы елдерінің қоршаған ортаны қорғау министрлері төрт күн бұрын қол қойған. БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун дауыс беруді "тарихи оқиға" деп атады.

Еурокомиссияның қоршаған орта мәселелері жөніндегі комиссары Мигель Ариас Канете "одақ елдерінің үкіметтері енді міндеттемелерін орындап, ауаға парник газын шығаруды азайтуға тиісті" дейді. Өткен жылы желтоқсанда өткен саммитте Париж келісімін 200 мемлекет қолдап, 170 мемлекет басшылары қол қойған.

Келісім күшіне енуі үшін оны қол қойған елдердің кемі 55-і мақұлдауы тиіс. Еуропа Одағының мақұлдауымен бұл меже азайып, келісім қарашада күшіне енуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG