Accessibility links

ІІМ: Қазақстанда айықтырғыштарды көбейту керек


Қалмұханбет Қасымов, ішкі істер министрі.
Қалмұханбет Қасымов, ішкі істер министрі.

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов елде айықтырғыштардың санын арттыру қажетін мәлімдеді. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Қасымов бұл туралы үкімет отырысында айтты.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда соңғы бес жылда ішімдік ішіп алып жасаған қылмыстар саны ұдайы артып келеді, ал ауыр қылмыстардың 10 пайызға жуығы ішімдік ішкеннен жасалады. Ол ішімдік ішуден жасалатын қылмыстардың алдын алуда жасалып жатқан шаралар жеткілікті болғанымен, күткендегідей нәтиже бермейтінін айтады.

"Қазір Қазақстанда бар болғаны 31 айықтыру орталығы бар. Ондай орталықтар қажет емес деген пікір бар. Бірақ айықтырғыштары жоқ шет мемлекеттер осыған ұқсас мекемелер немесе көмек қызметін құруға мәжбүр болып отыр. Сондықтан елде айықтырғыштар санын арттырып, оларды ең алдымен әлеуметтік медициналық мекеме деп қарастыру керек деп санаймыз" деді Қасымов.

Министрдің айтуына қарағанда, ішімдік ішкен соң жасалатын қылмыс саны Маңғыстау, Алматы, Ақмола, Жамбыл және Атырау облыстарында көбірек.

XS
SM
MD
LG