Accessibility links

Ресейдің жаңа сайланған Мемлекеттік думасы алғашқы отырысын өткізеді


Ресей мемлекеттік думасы, Мәскеу (Көрнекі сурет).
Ресей мемлекеттік думасы, Мәскеу (Көрнекі сурет).

Ресейдің сегізінші шақырылымдағы мемлекеттік думасы бүгін алғашқы пленарлық отырысын өткізеді. Отырысты Ресей коммунистік партиясы фракциясының депутаты, 86 жастағы Жорес Алфеорв ашады. Депутаттар алдында президент Владимир Путин сөйлейді деп жоспарланған.

Отырыс ұйымдастыру жұмыстарына арналады. Мемлекеттік дума төрағасы іс басындағы "Единая Россия" партиясының өкілі, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Вячеслав Володин болуы мүмкін. Оны бұл қызметке Путин ұсынған. Думада көпшілік дауысқа ие болған адам төраға болып сайланады. Думада "Единая Россия" көпшілік орынға ие (343 депутат).

Депутаттар бүгін партияаралық кеңесу кезінде келісілген вице-спикер, комиттердің басшылары мен олардың орынбасарларына дауыс береді.

Жаңа дума алдында тұрған маңызды проблемалар арасында бюджетті түзу мәселесі бар. Бірақ халықаралық жағдай нашарлағандықтан депутаттар жақын күндері ең алдымен Сириямен Ресей әуе күштерін орналастыру келісімін мақұлдау және АҚШ-пен плутонийді утилизациялау туралы келісімді тоқтатуды қарайды.

Жетінші шақырылымдағы думаға "Единая Россиядан" өзге Ресей коммунистік партиясы, Ресей либерал-демократиялық партиясы мен "Справедливая Россия" партиясы өтті. Бұлардан басқа думада парламентке бір мандаттық округ бойынша өткен "Азаматтық платформа" және "Родина" партияларының өкілдері де бар.

XS
SM
MD
LG