Accessibility links

Тарихшы: Бас сүйектің Кейкі батырдікі екенін ғылыми түрде анықтау керек


Арқалық қаласындағы дала өлкесі мұражайының алдында тұрған Кейкі батырдың ескерткіші.
Арқалық қаласындағы дала өлкесі мұражайының алдында тұрған Кейкі батырдың ескерткіші.

Санкт-Петербургтегі Кунсткамерадан Қазақстанға әкелінген 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі жетекшілерінің бірі Кейкі батырдікі делінетін бас сүйек бөлшектерін қалпына келтіруге болады. Бұл туралы Азаттыққа сұхбатында Алматыдағы орталық мелмекеттік мұражайдың директоры, тарихшы Нұрсан Әлімбай айтты.

Бүгін мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Азаттыққа таңға жуық Кейкі батырдың бас сүйегінің "жекелеген фрагменттері" әкелінгенін растаған.

Тарихшы Нұрсан Әлімбай Кейкі батырдың "басы кетпенмен шабылғанын", бірнеше жерде кетпеннің ізі барын айтты.

- Басын тізерлетіп қойып кетпенмен шапқан. Мойнынан шапқан, оң жақ бетін шауып түсірген. Барлық ізі бар. Өтпейтін кетпенмен бірнеше рет шабу деген сұмдық қой, - деді Нұрсан Әлімбай.

Оның сөзінше, бассүйектің паспортында бастың кетпенмен шабылғаны жазылған. Бас сүйектің барлық бөліктері бар және оларды қалпына келтіруге болады.

Тарихшы батырдың бассыз денесі Торғайдағы Жалаулы деген жерде жатқанын, енді венгр антропологтарымен бірге бас сүйектің Кейкі батырдікі екенін ДНҚ деңгейінде дәлелдеу керегін айтты.

Нұрсан Әлімбай Кейкі батырды 1923 жылы өлтіріп, басын Арқалықтың ортасына іліп қойғанын, бас сүйектің қалай әкетілгені белгісіз екенін айтады.

XS
SM
MD
LG