Accessibility links

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды


Астанадағы Ақорда ғимараты. Көрнекі сурет
Астанадағы Ақорда ғимараты. Көрнекі сурет

6 қазан күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысы бойынша "мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында" Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрылғаны жарияланды.

Қазақстан президентінің ресми вебсайтында шыққан ақпаратқа сәйкес жаңа министрліктің қызметі "қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік)" салаларын қамтиды. Мекеменің негізгі басшылық бағыттары "бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау" деп көрсетілген.

Жаңа министрліктің құрамына Қорғаныс министрлігінен – қорғаныс өнеркәсібі саласындағы, Инвестициялар және даму министрлігінен – ғарыш қызметі саласындағы, Ұлттық экономика министрлігінен – жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы өкілет берілген.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне премьер-министр кеңсесінен – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпарат және коммуникациялар министрлігінен - ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету функциялары көшеді.

XS
SM
MD
LG