Accessibility links

Астананы Қырғызстан шекарасында фитосанитарлық бақылауды жоюға шақырды


Қазақ-қырғыз шекарасы, Қордай кедені. Жамбыл облысы (Көрнекі сурет).
Қазақ-қырғыз шекарасы, Қордай кедені. Жамбыл облысы (Көрнекі сурет).

Еуразия экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасы қазақ-қырғыз шекарасында тауарлардың еркін тасымалдануын қамтамасыз етуге аналған шешім қабылдады деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Премьер-министр сайтында жарияланған хабарламада комиссия ақпараты бойынша Қазақстан қазақ-қырғыз шекарасында карантиндік-фитосанитарлық бақылауды әлі жалғастырып отыр, ал Қырғызстан жағы екі ел шекарасында мұндай бақылауды өз бетімен алып тастағаны айтылады.

Комиссия ақпаратына қарағанда, бақылаудың бұл түрі Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің 2015 жылдың мамырындағы шешімімен жойылған. Қазіргі жағдай Қырғызстаннан Қазақстанға карантиндегі тауарларды кіргізуде айтарлықтай кедергі тудырады.

Премьер-министр баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссия Қазазқстан үкіметіне осы шешім күшіне енгеннен 10 күн ішінде комиссияға Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) туралы келісім талаптарын орындау шараларын атқарғаны жайлы хабарлауды ұсынған.

XS
SM
MD
LG