Accessibility links

Неміс полициясы теракті жасамақ болды деген күдіктілерді іздеп жатыр


Неміс қауіпсіздік қызметкерлері Кемництегі арнайы операция кезінде. Германия, 9 қазан 2016 жыл.
Неміс қауіпсіздік қызметкерлері Кемництегі арнайы операция кезінде. Германия, 9 қазан 2016 жыл.

Германияның шығысындағы Кемниц қаласының полициясы теракт жасауды жоспарлады делінген күдікті сириялық босқындарды іздеу операциясы барысында пәтерге басып кіріп, бір адамды тұтқындады. Саксония құқық қорғау органының өкілі Том Бернхардттың хабарлауынша, операциядан ешкім зардап шекпеген және қару қолданылмаған.

Тағы бір күдікті, 22 жастағы сириялық Джабер әл-Бакр бостандықта жүр. Полиция оның қара түсті, ашық суреті бар күрте киген суретін жариялап, азаматтарды ол туралы қандай да бір ақпараты болса құқық қорғау органдарына хабарлауын сұрады.

Неміс барлау қызметінің мәліметінше, әл-Бакр арнайы қызмет орындарына біраздан белгілі болған және оның "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен байланысы бар болуы мүмкін. Күдіктілерге қатысы бар болуы мүмкін делінген тағы үш сириялық 8 қазанда ұсталған.

XS
SM
MD
LG