Accessibility links

Польшалық режиссер Анджей Вайда өмірден озды


Польшалық режиссер, 90 жасында өмірден озған Анджей Вайда.
Польшалық режиссер, 90 жасында өмірден озған Анджей Вайда.

Польшаның белгілі режиссері Анджей Вайда 90 жасында дүние салды. Жергілікті БАҚ режиссер өкпесі жұмыс істемей көз жұмғанын хабарлайды. Бұған дейін Вайда бірнеше күн комада жатқан.

Анджей Вайда 1926 жылы туып, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін режиссерлік мектепке түскен. Оның кинотуындылары негізінен соғыс пен нацистер басқыншылығы кезіндегі поляктардың партизандық қозғалысы тақырыптарына арналған.

Вайда "Күл және алмаз" (1958), "Мәрмәр адам" (1977), "Темір адам" (1980) және басқа да бірнеше фильмнің режиссері болған. 1981 жылы ол "Темір адам" фильмі үшін Канн кинофестивалінің "Алтын пальма бұтағы" сыйлығын жеңіп алған. 2000 жылы оған кинематография саласына сіңірген еңбегі үшін "Оскар" сыйлығы берілген.

XS
SM
MD
LG