Accessibility links

Трамп дебатта Клинтонға тағылған айыпты еске алды


АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп. Сент-Луис, 9 қазан 2016 жыл.
АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп. Сент-Луис, 9 қазан 2016 жыл.

АҚШ президенттігіне Республикашыл партиядан кандидат Дональд Трамп таяуда жарияланған 2005 жылғы видеода әйелдер туралы анайы мазмұнда айтқан сөзі "киім шешетін орында болған әңгіме ғана" екенін мәлімдеді. Трамптың сөзінше, АҚШ-тың бұрынғы президенті, жыныстық теріс әрекет жасады деп айыпталған Билл Клинтон өзімен салыстырғанда "әлдеқайда сорақы іс жасаған".

9 қазанда Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтонмен өткізген екінші дебатында Трамп екі күн бұрын жарияланған видеодағы айтқан сөздерімен "мақтанбайтынын", "әлемде болып жатқан қырғын" АҚШ үшін әлдеқайда өзекті екенін мәлімдеді.

Трамп іс жүзінде аудиожазбада айтқан әрекеттерін жасамағанын мәлімдеп, Хиллари Клинтонның күйеуі Билл Клинтонның әйелдерге жасағаны "мүлдем теріс әрекет жасағанын" айтты. "Мен тек сөз жүзінде айттым, ол олар іспен көрсетті" деді Трамп Сент-Луистегі Вашингтон университетінде өткен дебатта.

Дебат басталғанға дейін Трамп әйелдерге қатысты даулы сөзінен көпшіліктің назарын аудару үшін Сент-Луисте Пола Джонс, Кэтлин Вилли және Хуанита Броадрикпен кездесті. Бұл үш әйел де кезінде Билл Клинтонды "жыныстық бопсалады" деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG