Ресей қауіпсіздік қызметі Дағыстан республикасында арнайы операция барысында үш күдікті содырдың өкзі жойылғанын хабарлады.
Ресей ақпарат құралдарының Дағыстандағы қауіпсіздік қызметі өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, арнайы операция 10 қазанда республиканың оңтүстік-батысындағы Сулейман-Стал басталған және ол әлі жүріп жатыр.
Операциядан қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері жараланған.
Дағыстанда Солтүстік Кавказда ислам халифатын құрғысы келетін содырлар мен қарулы қылмыстық топтардың зорлық-зомбылығы күшейіп тұр.
Аймақтағы қантөгіске ұйымдасқан қылмыс, бизнестегі тәжікелестік, саяси дау мен клан аралық бәсеке де үлес қосып отыр.