Ауғанстанның солтүстігіндегі үкімет әскері мен "Талибан" жасақтары арасында ұрыс болып жатқан Кундуз қаласынан ондаған мың адам бас сауғалап қашты.
БҰҰ мәліметіне қарағанда, содырлар қалаға жаппай шабуыл жасаған 3 қазаннан бері қаладан кем дегенде 33 мың адам кетіп қалған.
Ұрыс салдарынан стратегиялық тұрғыдан маңызды бұл қаланың тұрғындарына ауыз су, дәрі-дәрмек мен электр қуатынан тапшылық көру қаупі туындап тұр. Ауғанстанның босқындар ісі жөніндегі министрлігі Кундуздан кетіп қалған тұрғындар саны жүз мыңға дейін жетеді дейді.