Accessibility links

ЕҚЫҰ Өзбекстанда журналистің ұсталғанын айыптады


Өзбекстан милициясы (Көрнекі сурет).
Өзбекстан милициясы (Көрнекі сурет).

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) таяуда өзбек фотожурналисі Тимур Карповтың ұсталып, соққыға жығылғанын айыптады. 10 қазанда жариялаған мәлімдемесінде ЕҚЫҰ-ның сөз бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович Өзбекстан билігін елдегі журналистер қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, баспасөз еркіндігіне кепілдік беруге шақырды.

Fergana News ақпараттық сайтының фрилансер фурналисі Карпов 6 қазанда Өзбекстанның шығысындағы Букинск ауданында редакция тапсырмасын орындап жүргенінде ұсталған. Кейбір ақпарат бойынша, Карпов 10 сағатқа жуық уақыт қамауда болып, соққыға жығылған. Карповтың айтуына қарағанда, оны ұстау туралы хаттама толтырылмаған. Журналист милиция өзінің ұялы телефонынан барлық видео және суреттерді өшіріп тастағанын айтады.

XS
SM
MD
LG