Accessibility links

Мұнай қымбаттағанда доллар бағамы төмендей түсті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгілік сауда сессиясында АҚШ долларының бағамы 1 теңге 98 тиынға арзандап, 330 теңге 37 тиынды құрады. 10 қазанда таңертеңгілік сессияда доллар бағамы 332 теңге 35 тиын болған еді.

Таңғы сессияда биржада 35,7 миллион доллар сатылған. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында АҚШ доллары 330-332 теңгеден сатылып жатыр.

Доллар бағамы әлемдік нарықта мұнай бағасы көтеріле бастаған соң түсіп барады. Ресей президенті Владимир Путин 10 қазанда Стамбулда өткен Дүниежүзілік энергетикалық конгресте Ресейдің мұнай өндіру көлемін шектеуге және ОПЕК-тің мұнай бағасын бір деңгейде ұстап тұру шараларын қолдайтынын мәлімдеген. Бұдан соң мұнай бағасы биылғы жылғы ең жоғары деңгейіне дейін көтерілген.

Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы Нью-Йорк биржасында 51,35 долларға, Лондон биржасында 53,14 долларға дейін жетті.

XS
SM
MD
LG