Accessibility links

Қазақстан қыз балаларға жасалған мүмкіндіктер индексінде 30-орында тұр


Save the Children ұйымының белгісі (Көрнекі срует).
Save the Children ұйымының белгісі (Көрнекі срует).

Қазақстан жасөспірім қыздарға жасалған мүмкіндіктер индексінде 144 елдің арасынан 30-орында тұр. Бұл туралы әлемдегі балалардың құқығын қорғайтын Save the Children ұйымының 11 қазан - Халықаралық қыз балалар күні жариялаған есебінде айтылады.

Индекс қыздардың ерте тұрмыс тұруы, жасөспірім шақта шақта балалы болу, жас қыздар арасындағы ана өлімі, қыздардың бастауыш деңгейінде білім алуы сияқты көрсеткіштерден түзілген. Рейтингте Орта Азия елдері арасында Өзбекстан 38, Қырғызстан 59, Тәжікстан 57-орында тұр. Тізім басында Швеция, Финляндия, Норвегия, Нидерланд және Бельгия тұр.

Ұйымының есебіне қарағанда, әлемде 700 миллионға жуық қыз 18-ге толмай тұрып тұрмысқа шығуға мәжбүрленген. 11 қазан - Халықаралық қыз балалар күні жарияланған "Әрбір соңғы қыз" деп аталатын есепте әлемде жеті секунд сайын жасы 15-ке толмаған бір қыз тұрмысқа шығуға мәжбүр болатыны айтылады. Ал Ауғанстан, Йемен, Үндістан және Сомали сияқты елдерде 10 жастағы қыздардың көпшілігі өзінен әлдеқайда үлкен ерлерге күйеуге шығуға мәжбүрленеді.

БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар құқығын қорғау агенттігінің статистикалық мәліметтеріне сілтеме жасаған SC 2050 жылға қарай кәмелетке толмаған 1,2 миллиард қыз ерте тұрмыс құруға мәжбүрленуі мүмкін екенін айтады.

Ұйым кәмелетке толмаған қыздардың ерте тұрмысқа шығуы әдетте олардың білім алып, жұмыс істеуіне кедергі келтіріп, көбінесе кедейлік құрсауында қалуына әсер етеді дейді.

"Ерте тұрмыс құру қыздардың білім алу, даму, бала болу сияқты басты құқықтарын бұзады" дейді Save the Children ұйымының бас директоры Хелле Торнинг-Шмидт.

Африканың Сахара аймағындағы елдерде жасөспірім қыздарға жасалған мүмкіндік деңгейі өте төмен болғанымен, АҚШ және Ұлыбританияда жасөспірімдер арасындағы жүктілік деңгейі шектен тыс жоғары, ал Германияда ерте тұрмыс құру құбылысы "салыстырмалы түрде кең тараған".

XS
SM
MD
LG