Accessibility links

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты сотқа шақырды


Лұқпан Ахмедьяров, "Уральская неделья" газетінің журналисі. Орал, 11 қазан 2016 жыл.
Лұқпан Ахмедьяров, "Уральская неделья" газетінің журналисі. Орал, 11 қазан 2016 жыл.

"Уральская неделья" газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяровты бүгін Орал қалалық әкімшілік сотына шақырды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Кеше журналисті қалалық сот актілерін орындау департаментіне әкімшілік хаттама толтыру үшін шақырған. Хаттама толтыруға Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының бұрынғы бастығы, 2012 жылы журналисті сот арқылы бес миллион теңге өндіріп беруге міндеттеген Тілекқабыл Имашевтың шағымы себеп болған.

Лұқпан Ахмедьяров міндеттелген ақшаны ай сайын төлеп тұрғанын, бірақ соңғы екі айда қаржылық жағдайының қиындауына байланысты төлей алмағанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, сот орындаушысы Кәмшат Дәулетова журналистен жеке бас куәлігін алып қойып, өзін департаментке келуді сұраған. Бірақ журналист департаментке барғанында Дәулетова жұмыс орнында болмаған.

Лұқпан Ахмедьяров өзін әкімшілік сотқа шақыруды бүгін таңертең Атырауға бару жоспарымен байланыстырады. Атырауда бүгін таңертең жергілікті белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісі бойынша сот басталуы керек. Атырауда сәуірде болған "жер мәселесі бойынша" митингіден соң белсенділерді "билікті басып алмақ болды" деп айыптап, төрт айға қамаған. Ахмедьяров осы соттан хабар таратпақ болғанын айтады. Бірақ ережеге сай журналисті жеке басын куәландыратын құжатсыз сотқа кіргізбейді.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG