Қытайдың ұлты ұйғыр профессоры, ұйғырлардың құқығын қорғаумен айналысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылып, түрмеде отырған Ильхам Тохти белгілі Мартин Энналс атындағы сыйлыққа ие болды. Женевада өткен дауыс беруде Тохти сыйлыққа үш үміткердің арасынан таңдап алынды. Әділқазылар құрамына 10 құқық қорғау ұйымының, оның ішінде Amnesty International ұйымының өкілдері де кірді.
Тохти - Қытайдағы ұйғырлардың құқығын қорғайтын белгілі белсенділердің бірі. Қытайдағы ұйғырлар саны 15 миллионға жетеді. Ұйғырлар өздеріне қытай билігінің қысым көрсететініне әлденеше рет шағымданған.
Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі сыйлықтың Тохтиге берілгенін сынап, оны "адам құқығын қорғауға қатысы жоқ, сепаратистік әрекеттер жасады" деді. Қуғындағы Дүниежүзілік ұйғырлар конгресінің өкілі Дильшат Рахит сыйлықтың Ильхам Тохтиге берілуін "үлкен қолдау" деп атады.