Ауғанстанда шииттердің Ашура діни мерекесін атап өту кезінде жасалған екі шабуылдан ондаған адам мерт болды. 12 қазанда Балх уәлаятында мешіттің жанына жасырылған бомба жарылып, 14 адам қаза тапты.
11 қазан күні Кабулдегі мазарлардың біріне шииттерге қарулы адам шабуылдап, 19 адам қаза болған. Шабуылды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.
Ашура - шииттердің діни күнтізбесі бойынша ең қасиетті саналатын мерекелердің бірі. Балх уәлаяты билігінің өкілдері бомбаның қашықтан басқару арқылы жарылғанын айтады. Зардап шеккендердің көпшілігі - балалар. Жарылыстың жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ.