Accessibility links

Аян мен Боқаевтың сотында талап-арыз беру аяқталды


Макс Боқаев пен Талғат Аянның соты көрсетіліп отырған монитор. Атырау қалалық №2 соты, 13 қазан 2016 жыл.
Макс Боқаев пен Талғат Аянның соты көрсетіліп отырған монитор. Атырау қалалық №2 соты, 13 қазан 2016 жыл.

Атыраудағы белсенділер Талғат Аян мен Макс Боқаевтың сотының алдын ала тыңдауында адвокаттардың талап-арыз беруі аяқталды.

Сот залынан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 13 қазанда түстен кейін сотта прокурор айыптау актісін оқыған. Айыпталушылар онымен келіспейтінін білдірген.

Сотта белсенділердің адвокаты Төлепқали Аян судьядан шымкенттік кәсіпкер, "жер мәселесіне қатысты митингілерді қаржыландырды" деген айыппен қамауда отырған Тоқтар Төлешовтің "Талғат Аянға берді" деген АҚШ доллары банкноттарының нөмірі мен футболкаларды тексеруді сұрады. Бірақ судья бұл мәселелер Төлешовтің өзінің сотында қаралатынын айтып, талап-арызды қанағаттандырмады.

Сот тыңдауы адвокаттар мен сот арасындағы қызу айтыс түрінде жалғасып жатыр. Боқаевтың адвокаты Нұрбике Ескендірова сот айыптау сарынында өтіп жатыр деп шағымданды. Макс Боқаев та судья сотта өздерін айыптап қалуға тырысып жатыр деп дауыстап қарсылық білдірді. Өзге адвокаттар сотты талап-арыздарға қатысты кеңесу бөлмесіне бармай-ақ шешім қабылдап жатыр деді.

Бұдан соң прокурор Сыдықов айыптау актісін оқыды. Судья Боқаев пен Аяннан "Тағылған айыптар түсінікті ме?" деп сұрады. Судья оларға "БАҚ-ты пайдаланып қоғамға, халыққа қауіп төндіргенін" және "алдын ала топ болып ұлтаралық алауыздықты қоздырғанын" түсіндірді.

Сот барысын журналистер мен БАҚ өкілдері оларға арналған жеке бөлмеден монитордан естіп, көріп отырды.

XS
SM
MD
LG