Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев президент тапсырмасымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) кеңесінің отырысына қатысу үшін бүгін Ереванға ұшып кетті деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
ҰҚШҰ жиынына әуелде президент Назарбаевтың өзі қатысады деп жоспарланған еді. Бірақ осы аптаның басында Ақорданың баспасөз қызметі Назарбаев "суық тиіп, сырқаттанып қалғанын" және "жоспарлы түрде емделіп жатқанын" хабарлаған. Ақорда Назарбаевтың осы аптаның соңына дейін халықаралық жиындар мен кездесулерге қатысу жоспары жоңын айтқан.