Accessibility links

Ереванда бүгін ҰҚШҰ саммиті өтеді


ҰҚШҰ-ға мүше елдер басшылары. Душанбе, 15 қыркүйек 2015 жыл.
ҰҚШҰ-ға мүше елдер басшылары. Душанбе, 15 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей бастаған алты ел басшылары бүгін Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) кеңесінің саммитіне жиналып жатыр. Ереванда мемлекет басшыларымен бірге алты елдің сыртқы істер және қорғаныс министрлері де кездеседі.

14 қазанда өтетін саммитте терроризммен бірігіп күресу мәселесінен өзге ҰҚШҰ-ның жаңа бас хатшысын сайлау да талқыланбақ. Саммит қарсаңында Армения ҰҚШҰ сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалықты формалды түрде Беларуське өткізіп берді.

ҰҚШҰ құрамында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан бар.

Ресей президенті Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков Еревандағы жиынға Қазақстаннан басқа елдердің басшылары түгел қатысатынын хабарлады.

Ақорданың баспасөз қызметі бұған дейін президент Нұрсұлтан Назарбаев "суық тиіп, сырқаттанып қалғанын", оның орнына Ереванға премьер-министр Бақытжан Сағынтаев баратынын хабарлаған.

13 қазанда Еревандағы жаңадан салынған ҰҚШҰ академиясының төбесіне наразылық танытқан бір топ армениялық Путиннің Арменияға келмеуін талап еткен баннер іліп кеткен.

Оппозицияшыл "Мұра" партиясының өкілі Давит Санасарян Азаттықтың Армян редакциясына ҰҚШҰ-ны Арменияның қауіпсіздігін күшейтуде ешнәрсе жасамайтын, "Ресей билігіндегі ұйым" деп атады.

XS
SM
MD
LG