Accessibility links

Каирде Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды


Каир көшесінде. 19 тамыз 2013 жыл.
Каир көшесінде. 19 тамыз 2013 жыл.

Египет астанасында қазақ ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды деп хабарлайды Tengrinews сайты Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Абай ескерткіші Каирдегі орталық саябақтардың біріне қойылған.

Қазақстанның Египеттегі елшісі Берік Арын ескерткіштің ашылуы рәсімінде сөйлеген сөзінде сөзінде Абайдың әдебиетті дамытуға қосқан үлесіне тоқталып, оның 150 жылдық мерейтойына орай ЮНЕСКО халықаралық ұйымының 1995 жылды «Әлемдегі Абай жылы» деп жариялауын ақын таланты мен еңбегінің әлемдік деңгейде мойындалуының айғағы екендігін атап өткен делінген хабарламады.

Астана мен Каирді олардағы билік орындары бауырлас қалалар деп атайды.

XS
SM
MD
LG