Ирак астанасы Бағдатта бүгін жасалған терорлық шабуылдан алдын ала мәлімет бойынша, 15 адам қаза тауып, кемінде 45 адам жараланған деп хабарлады Associated Press агенттігі.
Әл-Жазира телеарнасы оқиға орнындағы полиция өкілдері мен дәрігерлерге сілтеме жасап, қаза тапқандар саны отыздан асады деп хабарлады.
Жарылыс Бағдаттың солтүстігіндегі әл-Шааб ауданында, мұсылман шииттер Ашура діни мерекесін атап өтуге жиналған шатырда жасалған.
Бұл шабуылға жауапкершілікті әзірше ешкім алған жоқ.