Accessibility links

Ресейдегі «тролльдар фабрикасы» алаяқтық жасаған деген күдікке ілікті


Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «Интернет-зерттеулер» компаниясының кеңсесі орналасқан ғимарат.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «Интернет-зерттеулер» компаниясының кеңсесі орналасқан ғимарат.

Ресейдің Санкт-Петербург қаласы Приморск ауданы бойынша ішкі істер басқармасы әлеуметтік желілер мен блогтарда жұрт санасына өкіметтік көзқарасты сіңірумен бейресми түрде айналысатын «Интернет-зерттеулер» («Интернет-исследования») компаниясының қызметінен алаяқтық белгілерін анықтаған.

«Коммерсант» басылымының хабарлауынша, құқық қорғау органдары аталған компанияның бұрынғы қызметкері Людмила Савчуктің арызынан соң тексеру шараларын бастаған. Шағым иесі компания өзіне еңбек келісім-шарты берілмегенін, ал еңбекақыны толық көлемде төлемегенін айтқан. Савчуктің сөзінше, компанияда жұмыс күні 12 сағатқа жалғасқан. Тексеру қорытындылары іс қозғау үшін тергеу басқармасына берілген.

2013 жылы «Новая газета» басылымы «Тролльдар фабрикасы» деп атаған ұйымның қызметіне қатысты жүргізген тексеру материалын жариялаған. Газет компания қызметкерлері әлеуметтік желілерде Кремльдің жүргізіп отырған саясатына қоғамда «жаппай қолдау барын» жұртқа көз қылып көрсету мақсатында комментарийлер мен жазбалар жариялаумен айналысады деп жазған еді. «Новая газета» басылымының ақпараты бойынша, ұйымның қызметін Ресей президенті Владимир Путиннің төңірегіне жақын бизнесмен Евгений Пригожин қаржыландырады.

XS
SM
MD
LG