Accessibility links

Ресей патриархы Кирилл Ұлыбританияға барды


Орыс православ шіркеуінің басшысы патриарх Кирилл.
Орыс православ шіркеуінің басшысы патриарх Кирилл.

Мәскеу мен күллі Ресей патриархы Кирилл төрт күндік сапармен Лондонға барды. Бұл жаңа тарих дәуірінде Орыс православ шіркеуі басшысының Ұлыбританияға алғаш баруы.

Ресей патриархы осы жолы Ұлыбритания патшайымы Елизаветамен, Кентерберий архиепископымен кездеседі, сонымен бірге ол Орыс православ шіркеуінің британ аралдарына келгеніне 300 жыл толуына арналған салтанатты шараға қатысады. Бұған дейін патриархаттың сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімі басшысы Волоколамск митрополиті Иларион сапар барысында қозғалатын негізгі тақырыптардың бірі Таяу Шығыс жайлы болатынын хабарлаған.

2016 жылы ақпанда Кубада Орыс православ шіркеуі патриархы Кирилл мен Рим папасы Францисктің тарихи кездесуі өткен болатын. 1054 жылы христиан әлемі екіге бөлініп кеткеннен кейін католик шіркеуі мен әлемдегі ең үлкен православ шіркеуі басшылары алғаш рет жүздескен.

XS
SM
MD
LG