Accessibility links

Черногорияда бүгін парламент сайлауы өтіп жатыр


Черногориядағы сайлау учаскелерінің бірінде. 16 қазан 2016 жыл.
Черногориядағы сайлау учаскелерінің бірінде. 16 қазан 2016 жыл.

Черногория азаматтары бүгін парламент сайлауына дауыс беріп жатыр. Негізгі бәсеке биліктегі премьер-министр Мило Джуканович басқаратын социалистер партиясы мен ресейшіл «Демократиялық майдан» оппозициялық коалициясы арасында өтіп жатыр.

Әлеуметтік зерттеулер мәліметтері бойынша, премьер-министр партиясының жеңіске жетуіне мүмкіндігі бар, бірақ бұрынғыдай парламентте басым көпшілік орынды иелене алмауы ықтимал. Дауыс беру қарсаңында Джуканович парламент сайалуы Черногории дамуының бағытын айқындайтын болады деп мәлімдеген.

Мамыр айында Джуканович үкіметі Черногорияның НАТО ұйымы отырыстарына бақылаушы ретінде қатысуына мүмкіндік беретін хаттамаға қол қойған. Черногорияның Еуропа Одағы мен НАТО ұйымына кіруіне қарсы «Демократиялық майдан» коалициясы егер билікке келетін болса Косово Республикасының тәуелсіздігін мойындау туралы шешімнің күшін жоюға уәде еткен. Оның алдында билік партиясы оппозицияны Мәскеуден қаржылай қолдау алады деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG