Черногориядағы парламент сайлауында премьер-министр Мило Джукановичтің батысшыл "Социалистердің демократиялық партиясы" алда тұр. CEMI агенттігі сайлауда берілген бюллетендердің 20,6 пайызын санағандағы нәтижеге сүйене отырып, іс басындағы партия 42,2 пайыз, оппозицияшыл "Демократиялық майдан" партиясы - 22,8 пайыз, тағы бір оппозицияшыл "КЛЮЧ" одағы - 11,6 пайыз дауыс жинайды деп болжайды.
Сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 73 пайызы қатысқан. Сарапшылар бұл сайлауды "Черногорияның Ресей, я Батысты таңдауы" деп атайды.