Черногория полициясы парламент сайлауынан соң қарулы шабуыл жасамақ болды деген күдікпен 20 адамның тұтқындалғанын мәлімдеді. Құқық қорғау органының өкілі Славко Стояновичтің хабарлауынша, ұсталғандар - көршілес Сербия мемлекетінен шыққандар.
Оның айтуына қарағанда, күдіктілер "мемлекеттік институттар мен полицияға автоматпен шабуыл жасауды жоспарлаған". Ол бұдан өзге егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.
Черногорияда парламент сайлауы 16 қазанда өткен. Болжам бойынша, сайлауда премьер-министр Мило Джукановичтің батысшыл "Социалистердің батысшыл партиясы" жеңіп шығуы мүмкін. Сарапшылар бұл сайлауды "Черногорияның Ресей, я Батысты таңдау мүмкіндігі" деп санайды.