Accessibility links

Қытай орбитадағы лабораториясына екі астронавт ұшырды


Қытайдың "Шэньчжоу" ғарыш кемесінің ғарышқа ұшырылу сәті. Цзюцюань айлағы, Гоби шөлі. 17 қазан 2016 жыл.
Қытайдың "Шэньчжоу" ғарыш кемесінің ғарышқа ұшырылу сәті. Цзюцюань айлағы, Гоби шөлі. 17 қазан 2016 жыл.

Қытай орбитадағы лабораторияда зерттеу жүргізуге ғарышқа екі астронавт ұшырды.

Астронавтарға арналған "Шэньчжоу" ғарыш кемесі ғарышқа 17 қазанда Гоби шөліндегі Цзюцюань айлағынан ұшырылды. Ғарыш кемесі орбитадағы "Тяньгун-2" лабораториясымен түйісіп, бір ай зерттеу жүргізбек. Қытайлық астронавтар бұған дейін ғарышта мұндай ұзақ уақыт болмаған.

Қытай басшысы Си Цзиньпин бұл миссия Қытайдың "ғарышты ары қарай да зерттеп, Қытайдың ғарыштық державаға айналуына жаңа үлес қосатынын" айтты.

Қытай - Ресей мен АҚШ-тан кейінгі ғарышқа өз бетімен зерттеу экипажын ұшырған үшінші ел. Қытай алдағы жылдары "Тяньгун-2" лабораториясын кеңейтіп, өзінің зерттеу жасайтын тұрақты ғарыш станциясын құрғысы келеді. Станция 2022 жылға қарай толықтай іске қосылады деп болжанып отыр.

XS
SM
MD
LG