Accessibility links

Атыраудағы сотта Боқаевқа жедел жәрдем шақырды


Макс Боқаев (сол жақта) пен Талғат Аян сотта тұр. Атырау, 18 қазан 2016 жыл.
Макс Боқаев (сол жақта) пен Талғат Аян сотта тұр. Атырау, 18 қазан 2016 жыл.

Атырауда өтіп жатқан белсенділер Макс боқаев пен Талғат Аянның сотында Боқаевтың денсаулығы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақыртылды. Сотта біраз уақытқа дейін үзіліс жарияланды.

Сот барысын бақылап отырған журналистерге монитордан сотталушылардың дауыстары дұрыс естілмеді. Боқаевтың әпкесі Жанар Боқаеваның Азаттыққа айтуынша, Боқаев сотта өзіне қатысты іс материалдарының 72 томымен ғана танысқанын, қалған 73, 74 және 75 томдармен таныспағанын айтқан. Боқаев қалған томдармен таныстыруды талап етіп прокуратураға шағымданғанымен, оған әлі жауап берілмеген.

Бүгінгі сотта Аян мен Боқаевтың адвокаттары Бекбаев пен Досанбаевты сотқа әкеліп тікелей жауап алуды сұрады. Бірақ оған прокурор Құрмет Сыдықов қарсылық білдірді. Прокурор онлайн арқылы берілген жауап жеткілікті және жауап барысында шынайылық болған жоқ деп санау негізсіз деп, судьядан бұл талапты құптамауды сұрады.

Талғат Аян Бекбаевтың сотқа әкелініп, жүзбе-жүз кездесіп, өзіне қашан және қай жерде ақша бергенін сотта айтуын талап етті. Судья бұл талаптарды қанағаттандырудан бас тартып, процесті ары қарай жалғастырмақшы болған. Бірақ Боқаев қуығында тас бар болғандықтан денсаулығы күрт нашарлап кеткенін айтып, сотқа жедел жәрдем шақыртылды. Досанбаев пен Бекбаевқа Төлешов ісі бойынша айпы тағылған.

XS
SM
MD
LG