Accessibility links

Азимжан Асқаровқа қатысты сот бір аптаға шегерілді


Қырғызстандық құқық қорғаушы Азимжан Асқаров сотта отыр. 4 қазан 2016 жыл.
Қырғызстандық құқық қорғаушы Азимжан Асқаров сотта отыр. 4 қазан 2016 жыл.

Қырғызстанның Шу облыстық сотында құқық қорғаушы Азимжан Асқаровтың ісін қарау 25 қазанға шегерілді. Сот отырысы бүгін мемлекеттік жазаны атқару қызметінің қарауылдау департаментінде өтті. Бұған дейінгі сот отырысында сот Асқаровқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуден және істі қайта тергеуге жіберуден бас тартқан.

Ұлты өзбек Азимжан Асқаров қамалғанға дейін Базар-Коргон ауданында тұрып, құқық қорғау қызметімен айналысқан. Ол 2010 жылы маусымда Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысында этникалық өзбектер мен қырғыздар арасында болған қақтығысты ұйымдастырды деген айыппен өмір бойына түрме жазасына кесілген.

Асқаров бүгінгі сотта да айыбын мойындаған жоқ.

Сәуірде БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитеті Қырғызстан билігінен Азимжан Асқаровты ақтап, түрмеден босатуды талап еткен. Осыдан кейін Асқаров пен оның адвокаттары Жоғарғы сотқа шағым түсіріп, істі қайта қарауды сұраған.

12 шілдеде Жоғарғы соты Асқаровтың ісін Шу облыстық сотына қайта қарауға жіберген. Асқаров бұл сот процес барысында қамауда отыр.

2010 жылғы этникалық қақтығыстан 450-ден астам адам қаза тауып, ондаған мың адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG