Accessibility links

Сот Сапарбаевтың белсендіге шағымын қанағаттандырды


Белсенді Айдын Егеубаев. Астана, 27 қыркүйек 2016 жыл.
Белсенді Айдын Егеубаев. Астана, 27 қыркүйек 2016 жыл.

Бүгін Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Бағдагүл Биахметова Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың белсенді Айдын Егеубаевтың үстінен түсірген «ар-намыс» туралы шағымын ішінара қанағаттандырып, 100 мың теңге айыппұл салды.

Сапарбаев шағымында Егеубаевты Youtube-та жариялаған видеосында ар-намысыма нұқсан келтірді деп айыптап, өзіне қатысты мәліметтерді терістеуін және моральдық шығын ретінде 5 миллион теңге өндіріп беруді талап еткен болатын. Видеода Шығыс Қазақстан облысындағы "Батуа" компаниясы жайлы айтылады. Егеубаевтың ресми өкілі Мақсат Ілиясұлының сөзіне қарағанда, "2010 жылдары Сапарбаев облыс әкімі болып тұрған кезде 45 пайызы қытайлық бір компанияға тиесілі мекемеге жалға берілген 91 мың гектар жердің жартысынан көбін жекеменшікке беру туралы шешім шығарылған".

Сот шешімін тыңдауға талапкер тарап өкілі келмеді.

Айдын Еегеубаев өзінің сөздеріне филологиялық сараптама жасататынын, егер маман сөзін "ар-ұжданға тимейді" деп тапса, онда аппеляциялық шағым беретінін айтты.

XS
SM
MD
LG